Қамқорлық кеңес мүшелерін 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
"Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы ЖОББМ" КММ-де мектептің Қамқорлық кеңесінің төрайымы Г.Ж. Бесекееваның ұйымдастыруымен кезекті отырыс өтті. Г.Ж.Бесекеева 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Баяндамашылар: мектеп директорының міндетін атқарушы Н.Касенова мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Омарова мектепте өткізілген жұмыстар бойынша ақпараттар беріп, демеушілік көмек жасаған азаматтарға алғысын білдірді.
Жиналысқа қатысқан азаматтар Хамзин Дәурен Тулегенович, Касенов Мерей Бегендыкович, Кушмагамбетов Жанат Кенесович, Нығыметов Сәрсенбай Кенесович, Шпекбаев Азат Қонысбайұлының қатысуымен өз тараптарынан ұсыныстар айтты.