1 мамыр –
Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1996 жылғы Жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының
бірлігі күні ретінде аталып өтуде. 100-ден астам ұлт тұратын Қазақстан халқы үшін
бұл мерекенің орны бөлек. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығы негізінде Елбасы жанынан кеңесші-қатысушы орган
ретінде дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені
– Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше,
саяси маңызы зор құрылым.
Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық,
өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші
ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы
достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға,
мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты
сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін
жасай білуінің арқасында мүмкінболуда.
Осы мереке қарсаңында
Малтабар ауылы «Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп» КММ-нің оқушыларының
қатысуымен мектепішілік «Бірлік күні» атты іс – шара өтілді. Мерекелік кеш оқушыларға Қазақстан
Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып, сырттан келген
басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын көрсету мағынасында ұйымдастырылды.
Жиынды мектеп директоры Р.Хамзин құттықтау сөзімен бастады. Мерекелік шараға
қатысушы 1-5 сынып аралығындағы оқушылар әр ұлтқа бөлініп, концерттің көркін
енгізді. 1 сынып оқушылары «Қазақ»ұлты болып, концертті бүлдіршін қыздар мен ұлдар бимен бастады. Шараның
жалғасын 2 сынып оқушылары «орыс» халқыныңұлттық биін сыныптың ұлдары мен
қыздары биін билеп, Совет Толғанай ұлттық әнін айтты. 3 сынып оқушылары
«Қырғыз» халқының киімін киіп, сол елдің ұлттық биін нақышына салып билеп,
қонақтардың қошеметіне бөленді. «Өзбек» халқының ұлттық биін 4 сыныптың мың
бұралған биші қыздары көрермендерді қоса билеткендей, залдың мақтауына татыды.
Меркелік жиынды 5 сыныптың қыздары «Сыған» биімен жалғап, ұлдары әнімен
аяқтады. Концертіміз барлық ұлттардың қосылуымен «Мекенім - Қазақстан» әнімен
аяқталды.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында
айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі — Қазақстан
халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты “Қоғамдық келісімді және
тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін
арттыру” мәселесі. Бағыттың бұлай аталуының өзі өзіндік этносаралық және
конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның
ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын
көрсетеді.
Мақаланы жазған: Мектеп балалар Ассамблеясының
басшысы
Қуатова Гүлдана
Тлеутайқызы