2024 жылдың 11-желтоқсан күні «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқу –тәрбие процесінде ұлттық құндылыққа бағытталған білім берудің маңыздылығы» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарға шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері қатысты. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері: Жапабаева Гүлден Акимхановна, Базарбаева Кербез Боранбаевна, Арыстанова Махаббат Жанболатовна, Қанатов Тілек Манарбекович және мектеп директорының м.а Касенова Нургуль Бегендыковна, мектептің тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Омарова Маржан Бабаевна, кәсіподақ ұйымының төрағасы Шпекбаев Қонақбай Шпекбаевич , психолог Айнагелдиновна Злиха Ережеповна қатысты. Семинар барысында 9 мұғалім өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақтар жоғары дәрежеде өтті. Балалар белсенділік танытты.