Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3 В. Әңгімелесеміз және программаны жасаймыз Мектеп: «Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп» КММ Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Шпекбаева А.К. Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақ 24-25 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ақиқатты іздеу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме |
5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну 5.3.3.1- ойын ортасындағы программалау кезеңінде тармақталу командаларын қолдану (Лого, Scratch)
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар істеуге дағдыланған: Ойын программасында әр блоктың командаларымен жұмыс жасай алады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Фондар кітапханасынан алынған спрайтқа сәйкес келетіндей фон бере алады Программада қадам санын енгізіп, өзгерте алады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар істеуге қабілетті: Ойын программасында тармақталған командаларды қолдана отырып анимация құра алады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Scratch бағдарламасында нысандармен жұмыс жасай біледі Тармақталу командаларын қолданып бағдарлама құрады. Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып анимация құра алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар істей алады: Scratch бағдарламасында нысандардың атауларын дұрыс қолдана алады. Пәндік лексика мен терминология: Спрайт, скрипт, графика, сахна, блок, команда, сенсор, оператор Сұхбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер: Scratch бағдарламасында орналасқан нысанды өңдеу батырмалары ...... орналасқан Жобаны сақтау үшін ..... бұйрықтары қолданылады. Файлдың кеңейтілімі ..... Программалау тілдерін пайдаланамыз себебі, .... |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылыққа баулу |
Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика, бейнелеу, орыс тілі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Программалау тілдері, Scratch бағдарламасының интерфейсі туралы біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин
4 мин
3 мин
|
Шаттық шеңберін құрып, «Жүрек жылуы» тренингін ойнату. Мақсаты: оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір-біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтын бәрі жүректен шығатынын жеткізу. Жүрекшенің екінші жағында топ аттары бойынша топқа біріктіріледі. 1-топ: «Спрайт» 2-топ: «Сприт» 3- топ: «Скретч» Үй тапсырмасын тексеру: «Кубизм» әдісі Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою. Мақсаты: оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Оқушыларды уәждік бағалау «жақсы», «өте жақсы» сөздерімен бағалау. «Сөзді тап» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. (карточкада сөздер беріледі «анимация», «графика» бір оқушы карточкадағы сөздерді бейне қимылдары арқылы түсіндіреді). |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин
15 мин
7 мин |
Нысандармен жұмыс істеу
Тест тапсырмалары
Жаңа сабақпен байланыстыра отырып, өткен сабақты қорытындылау, жұмыс дәптеріне жауап беру. Оқушыларүй тапсырмаларына жауап беріп болған соң, тест жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру
Постер қорғау. Әр топ берілген тапсырмалар бойынша постер дайындайды, қорғайды. (Топтық жұмыс) Мақсаты: оқушыларды топтық жұмыс жасауға баулу, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйрету 1-топ: Программалау тілі 2-топ: Программаның жазылу түрлері 3-топ: Scratch ортасы «Бас бармақ» тәсілі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.
І деңгей 1-тапсырма: Қай блок командасына жататынын анықтап, сәйкестендір:
ІІ деңгей 1-тапсырма: Себебін анықта
2-тапсырма:
«Сүңгуір» және «Балық» скрипттеріндегі айырмашылықты анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.________________________________________________________________________ ІІІ деңгей: 1. Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын циклдік командаларды белгілеңіз.
Кейіпкерді қозғалысқа келтіріп, командаларын дәптерге жазып көрсет.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс А деңгейі (сурет салу) В деңгейі (жалғасын тап) С деңгейі (жасалған жұмыстарды бір бумаға салу) Оқушыларға бағыт- бағдар береді, бақылайды. Компьютерден тапсырманы орындайды.
Тапсырмамен оқып, танысады, топта талқылайды, бірін- бірі толықтырады. Топтар өз түйгендерін ортаға салыпайтады.
(смайликтер арқылы бағалау)
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
«Үш шапалақ» арқылы бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин |
«Бес саусақ» әдісі
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар, сәйкестендіру кестесін, жеке, топтық тапсырмаларды орындайды.
|
Сабақ барысында «Кубизм» , «Сөзді тап», «Бес саусақ» әдістерін қолдандым. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||