"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Перуаш Кәрімұлы села Малтабар отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысының есебі 4-сынып

31.01.2020

2019-2020 оқу жылы  4-сыныптың  II-тоқсан бойы атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі.

     Сыныпта 10 оқушы. Оның 3 ұл, 7 қыз бала. 4- сынып оқушылары мектеп – ішілік мерекелерге, іс-шараларға белсене қатысады. Сыныпта көп балалы отбасынан Блялова Даяна, Камаладинов Есбол, Айтпаева Гульдана. Аз қамтылған отбасынан Орынбасаров Нурбек тегін тамақтану тізіміне енгізілген.

      Әр дүйсенбі сайын сынып сағаттар өткізіп тұрамын. Әртүрлі тақырыптарда балалар өз ойларын ортаға салып, пікірталас, ойтолғау, топпен, жұппен жұмыстар жүргізілді.

Сынып сағаттар тәрбие жұмысының бағыттары бойынша өтеді.

 

04.11.19ж күні «Еңбек түбі береке!» атты сынып сағаты өтті. Бұл сынып сағатында оқушылар еңбек туралы нақыл сөздермен, мақал-мәтелдермен сабақтың тақырыбын ашып, мағынасын түсінді. Және түрлі тапсырмалар арқылы еңбек етудің маңызын түсінді.

 

  

 

11.11.19ж күні «Отбасының негізгі құндылықтары» атты сынып ғаты өтті. Сынып сағатында оқушылар отбасылық құндылықтар туралы ой бөлісті , білімдерін кеңейтті. Сурет салып, отбасына деген махаббаттарын көрсетті.

18.1119ж күні «Жеке бас гигиенасын сақтауды қалай түсінесің?» атты сынып сағатында оқушылар жеке бас гигиенасы деген сөздің мағынасын ашып, талқылады.

            

25.11.19ж күні «Адами қарм-қатынастар ізгітілектер» атты сынып сағатында ,оқушылар адамгершілік, сыйластық , қамқорлық сияқты қасиеттермен танысып, мағынасын түсінді. Мақал – мәтелдермен ойтолғанды.

13.12.19ж күні «Елбасы – ел мақтанышы!» атты сыныптан тыс ісшара өтті. Бұл тәрбие сағатында 2-3-4 сыныптар ашық тәрбие сағатын өткізді. Еліміздің қалай тәуелсіз елге айналғаны , кімдердің арқасында осындай тәуелсіз елге жеткеніміз туралы бейнебаянды көріп, бойларына елі үшін күресетін рухтары оянып, түрлі тапсырмалардың арқасында ойларын ашық айтты.

              

 

Сынып жетекшісі:             А.Калиева

 

 

 

 

Просмотров: 716


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст