"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Перуаш Кәрімұлы села Малтабар отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Наурыз-думан"

13.04.2018

«Наурыз-думан»

                    Наурыз-түркі

тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық

мерекесі. Бұл күні қазақтар да, наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз

тойын өткізеді. Наурыз -ұлыстың ұлы күні! Осыған орай 19 наурыз күні «Перуаш

Кәрімұлы атындағы орта мектеп» КММ мектепішілік «Наурыз-думан» атты мерекелік

концерт өтті. Барлық сыныптар белсенді қатысып,  өз өнерлерін

көрсетіп,  ұлттық киімдерін киіп келді.

  Күй ойнап, бәйшешектей құлпырған 2сынып қыздары

музыканың ырғағымен билеп, концертіміздің шымылдығын ашса. Құлаққа жағымды

сөздерімен жүргізушілеріміз Советова Ақнұр мен Амиржанова Гүлім мерекені ары

қарай жалғастырды. Кейіннен, тағы да буырқыған 

күйдің ырғағымен сахынаның екі жағынан Күн мен Ай қарама-қарсы

қозғала бастап, жақындағанын, Томирис пен Диана көрермендерімізге әсерілеп ,  шағын ғана Ай

мен Күннің теңелгендігі туралы

көрініс көрсетті.

     Наурызды тәңір

бізге нәсіп еткен,

     Мейірін

танысын деп тасып өткен

     Наурыз

сән-салтанат, ұлттық рух,

 Бақытты

наурызы  бар халқы неткен,-деп Дүйсен

Айнұр , ырыстың белгісі ретінде шашу шашты. «Шашу! Шашу!»-деп қонақтарымыз шашу

жинап көңілденіп отырды.

   Өнерлі де, талантты кішкентай

бүлдіршіндеріміз  және 1-4 сынып

оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салып, көрермендеріміздің

қошеметіне бөленді.Бір дастархан басында береке мол болсын, көп көжеден дәм

татсын, деп мектебіміздің 10-сынып оқушылары Дильназ, Аяжан,Айнұр қонақтарымызға

арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татырды.

Сонымен қоса, Құтты

қонақ болсын деп, 6-сынып қыздары «Құтты болсын Наурыз!»әнін орындады. Әдемі

әннен кейін, Қызыр баба қолын жайып, батасын берді.

     Наурыз күні адамдар үй

аралап,дастархандағы дәмді тағамдардан ауыз тиіп, ән салып , би билеп көңіл

көтерген. Мектеп оқушылары «Абай» , «Біржан сал» , «Бөгенбай» ауылдарына

бөлініп , өз концерттік бағдарламаларын ұсынды.

  Концертімізді даярлық тобының биші

бүлдіршіндері «Бипыл» биімен аяқтады.

 

Концертіміздің  соңында 

жүргізушілеріміз : «Наурыз құтты болсын,Деніміз сау , мықты болсын!Жаңа

жыл жарылқап ,ескі жыл есіркесін , келесі 

жылға дейін аман-есен  кездескенше

,-деп мерекемізді аяқтап, барлық қонақтарымызды ата- аналар  әзірлеген , мерекелік

дастарханға шақырды.

20 наурыз күні

«Наурыз –көктем!» атты ертеңгілік 

тәрбиешілер С.Бесекеева мен А.Мукашеваның  ұйымдастыруымен  Шағын орталықта  өтті.Кішкентай бүлдіршіндер 

өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, «Қамажай»,

«Қазақ  биін»  билеп, ән салып, ұлттық ойындардан  өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Мерекеге келген ата-аналар  риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп

жатты. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып,

баталарын берді.


                                            

«Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп»

                                             

Боранбай Дильназ

                                              

10-сынып оқушысы

Просмотров: 473

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст