Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасы Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы Малтабар ауылы, Бөгенбай көшесі 15.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Ақмола облысында білім беру саласында 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2021 жылы білім басқармасы, аудандық (қалалық) білім бөлімдері және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары 27 қызмет көрсетті;
*Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 18;
*Қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 9.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми интернет ресурсында https://www.sc0020.ereymentau.aqmoedu.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы білім басқармасы және ведомствоға бағынысты ұйымдар БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 мақала жариялады, өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Мектепте мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2022 жылы білім басқармасы және ведомствоға бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Мектеп директоры К.Ермуканова
Орынд. А.Шайхымова
Тел.34-7-40