"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Перуаш Кәрімұлы села Малтабар отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыңғырла соңғы қоңырау

27.05.2019

Такырыбы: «Сыңғырла, күміс қоңырау»

Бимен   ашылады  4 сынып «Бипыл» биі

 

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар,бүгінгі мерекенің 

қонақтары !

 

2-жүргізуші: Бүгін мамыр айының 25 жұлдызы, барша оқушылар қауымының асыға күткен мерекесі келіп жетті.

 

1-жүргізуші:

Бұл мереке – дүрліктірген ел ішін,

Бұл мереке – жас түлектер сен үшін.

Кең болсынщы қанат жаяр кеңісің,

Көрсін ұстаз еңбегінің жемісін.

- демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынға  қош  келдіңіздер!

                                                                                                                                      

2-жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр

- дей келе алтын ұя мектебінің табалдырығынан ұшқалы отырған мектебіміздің 2019-жылғы түлектерін құрметтеп ортаға шақырамыз.Сынып жетекшісі  Тулендинова  Нургуль  Сегизбаевна, алғашқы ұстазы Даулбаева Гульмира Орынбасаровна.

 

          Оқушының аты-жөні

Жетістіктері

1

Алдажуман Саят Тохтарұлы

Баскетбол   командасының  мүшесі

2

Алпыс Дарын Жомартұлы

Дзюдо күресінен «Спорт шеберінің үміткері»

3

Дүйсен Гүлнұр Жакенқызы

 «Жас полиция», «Балауса» би тобының, «Экспостан» КВН командасының  мүшесі

4

Ерханов Дархан Жанболатович

Баскетбол   командасының  мүшесі

5

Ерназар  Аяулым  Ерназарқызы

 «Жас полиция», «Экспостан» КВН командасының мүшесі, аудандық «Мұқағали оқулары» мен «Абай оқуларының», облыстық байқаулардың  жеңімпазы

6

Имағамбетов Диас Назарович

Аудандық  сурет  байқауларының жеңімпазы

7

Кайруллина Назира Амандыкқызы

«Балауса» би тобының өкілі, баскетбол құрама командасының мүшесі

8

Қайыргелді  Мирас Бүркітұлы

Аудандық  сурет  байқауларының жеңімпазы

9

Кенжалина  Малика Жабайқызы

«Балауса» би  тобының,  «Экспостан» КВН  командасының  мүшесі

10

Кенесова  Аяулым Сарсенбаевна

«Экспостан» КВН  командасының, «Балауса» би  тобының  мүшесі

11

Уябаев Жандос Умутович

Волейбол  үйірмесінің  мүшесі

12

Марат Дархан Қуандықұлы

Аудандық  сурет  байқауларының жеңімпазы

13

Салыкова Каракат Токтаровна

«Жас полиция» командасының  мүшесі, «Айгөлек» байқауының,  мектеп олимпиадаларының  жеңімпазы

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:

Нұрлы  үмітін  арқалаған  арқаға,

Жан  сәулесін  тарататын  баршаға.

Шың пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді  шақырайық ортаға.

Қарсы  алыңыздар, 11 сынып оқушылары.

 

Сынып жетекшісі: Куатова Гульдана Тлеутайқызы,алғашқы ұстазы Касенова Нургуль Бегендыковна.

 

1.Дүйсен Айнұр- «Ереймен Аруы - 2017» байқауының  жүлдегері, Музыка мектебінің  2019-жылғы түлегі,мектептің Ұланбасшысы.

 

2.Тлеулесов Алдияр-Аудандық,облыстық,республикалық «Қазақша күрес» жарысының жүлдегері,спорт шеберлігіне үміткер.

 

3.Байбусинова Аяжан-мектепішілік,аудандық,облыстық байқаулардың жүлдегері, баскетбол,волейбол, «Балауса би» тобының мүшесі.

 

4. Блялов  Тұраналы- «ЖасҰлан»  ұйымының  әдептілік  министрі.

 

5. Боранбай Дильназ- «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі, баскетбол,волейбол  үйірмесінің мүшесі, Ағылшын пәнінен өткен байқаулардың жеңімпазы. «Балауса» би тобының мүшесі.

 

6. Абакаев Бауыржан- Аудандық,облыстық,республикалық «Қазақша күрес» жарысының жүлдегері,спорт шеберлігіне үміткер.

 

  (Ортаға АӘД жетекшісі шығады):

– Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына  түзел!

             

1-жүргізуші: Мектеп  деген ата-анаңдай  әлпештеп, биік  шыңдарға жетелейтін, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық  қадам басуға көмектесетін алтын  ұя.

 

2-жүргізуші:Дұрыс айтасың, "мектеп – кеме, білім – теңіз" деп қазақ  атам бекер айтпаған ғой.  Бүгінде енді қайтып мектеп табалдырығын  аттамайтын оқушылар да бар. Олай  болса, баршаңызға  арналған   «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты  жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

 

1-жүргізуші :Бүгінгі «Сыңғырла, соңғы қоңырау» мерекесіне келген қадірменді қонақтарымызбен таныстырып өтейін:

 1.Ерейментау ауданының маслихат депутаты Махметов Қайрат Төлеутайұлы

 

 

2-жүргізуші:

Тыңдаған  көңілдегі  толғамымды,

Шыңдаған  тәрбием  мен  талғамымды.

Өмірдің  маған сыйы деп білемін,

Өзіңдей  жанға  шәкірт болғанымды, - дей келе, жиынымызды ашу  үшін сөз кезегін мектебіміздің директорының міндетін атқарушы  Ермуканова Қызылгуль Укубаевнаға  береміз.

 

 

 

1-жүргізуші:

Арнап  келер  мерей  той,мейрамдарда

Мәртебең  де биік қой мейрам бар да

Бүгінгі  мерекеде  тілек  айтсын,

Сөз кезегі қадірменді қонақтарда

 

 Ерейментау ауданының маслихат депутаты Махметов Қайрат Төлеутайұлы

 

___________________________________________________________________

Бүгінгі жиынымыздың тағы да бір қонақтары. Мектебіміздің 1979 жылғы түлектері араға қырық жыл салып, еліміздің түкпір-түкпірінен ауылға  жиылды. Бүгін олар білім ордасында бас қосып, соңғы қоңыраудың сыңғырын қайта естігелі отыр. Туған жерге сағынышпен жеткен 40 жылдық түлектер бүгін бір сәтке партаға отырып, жастық шақты тебіреніспен еске алады. Сонымен қоса мектептің 2009 жылғы түлектері  білім ордасына құрмет көрсетіп келіп отыр.. Ендеше, осыдан 10жыл және 40 жыл бұрын «Алтын ұя мектептерінен» түлеп ұшқан шәкірттерді құрмет қошеметпен ортаға шақырайық.

1979 жылғы түлектер сөйлейді

2009 жылғы түлектер сөйлейді

 

/Нұрболат сөйлейді, ән айтады/

 

1-жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып  төл мерекең  қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - дей отыра ортаға 9 сынып оқушыларын шақырайық

 ( 1 номер )

 

1-жүргізуші:

Ортаға 1 және 11 сынып оқушыларың  қошеметпен шақырайық

               ( өз номерларын орындайды)   

  (Осы кезде 11-сынып түлектері мен 1-сынып оқушылары алдын ала дайындаған   сыйлықтарымен алмасады).

 

1-жүргізуші:

 Биылғы жылы  мектебіміздің алған  асуы  мол. Оның барлығы да озат оқушыларымыз  бен  талай жүйрікті  артта  қалдырған  спортшыларымыздың арқасы. Олай болса, озаттарымызды  марапаттау  рәсімін  бастаймыз.

/Құттықтау сөз  оқу ісінің меңгерушісі  Қызылгуль Укубаевнаға  беріледі./

(Озат, дарынды оқушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталады).

 

 

1-жүргізуші:

 Ұрпақсыз  шәкірттерге бақ келген бе?

 Бапкерсіз  тұлпарларға  бап  келген  бе?

 Он бір жыл сыныбы  үшін жанын салған,

 Сөз берейік – сынып  жетекшіге

 Түлектеріміздің сынып жетекшілері:Тулендинова Нургуль Сегизбаевна,Қуатова  Гульдана Тлеутаевнада және алғашқы ұстаздары Касенова Нұргүл Бегендыкқызына береміз.

1-жүргізуші:

9- 11-сынып оқушыларының  орындауында соңғы вальс биін қабыл алыңыздар.

 

 

2-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға  беріледі

 

1-жүргізуші: 2018-2019 оқу  жылындағы  соңғы  қоңырау  соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Байбусинова Аяжан мен  1-сынып оқушысы Қайыргелді Нұрдаулетке беріледі.

 

1-жүргізуші:

Қоштасады  алтын ұя  мектебің,

Маңдайыңнан  сипап  өтер  көкте  күн.

«Сәт-сапар» деп  қол бұлғаймыз  бәріміз

Тілейміз біз армандарға  жеткенін, – дей келе, әрдайым  өмірде жолдарың  болсын  дейміз.

 

/Мектепті  бітіруші  түлектер  екі рет айналып шығып, ортаға  жиналып,  шар  ұшырады. Мектепке кіреді./

 

2-жүргізуші:

Осымен 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау салатанатты жиыны аяқталды. Жиынымызды жабық деп жариялаймыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            Дайындаған    М.Омарова

                                                                                                                                А. Аренова

 

 

Просмотров: 514

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст