2019-2020 оқу жылындағы «Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп» КММ -де
«Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын өткізуіне арналған іс-шаралар бойынша ақпарат
03 - 07 ақпан аралығында
«Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы аясында дайындалған жоспар бойынша төмендегі іс-шаралар өтті :
Мақсаты: адамдардың бір-біріне деген мейір шапағатының мән-мағынасын түсіндіру, жанында жүрген адамдарға деген сүйіспеншілікті дамыту және жанында жүрген достарына, адамдарға мейірімді,адал болуға тәрбиелеу.
Тренингке 7 сынып оқушылары қатысты. Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып,бір-біріне жүректің жылуын сезіндіріп ,қуаныш пен мейірімді ,жақсылықтарымен бөлісуден бастады.
Оқушыларды екі топқа бөліп тапсырмалар берді.
1-ші топ « Жүрек жылуы» жаттығу орындады. Плакатқа жүрек суретін жапсырып трек сызба арқылы жылылық ,рухани адамгершілік білдіретін жүректен шыққан сөздерін жазды.
2-ші топ «Жақсылық тамшылары» жаттығу жасады. Тамшыларға оқушылар өз бойында кездесетін жақсы қасиеттерін, мейірімді істерін жазып, алдарыңдағы бұлтты жақсы қасиеттер мен мейірімді істері бар тамшыға толтырып,бұлттың төменгі жағына жапсырып, бұлтты нұрға айналдырды. Әрқашан бойымызда осындай жақсы қасиеттер көп болса, барлық әлем нұрға толы болады, аспанымыз ашық болсын деп жаттығуды аяқтады.
Әр топ өз жұмыстарын ортаға шығып қорғады.
«Мейірімділік әлемді құтқарады» бейнеролик көрсетілді. Рефлексия кезінде оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті, өз ойларын ортаға салды.